Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Қазақстанның батыс мемлекеттері Ресейге салған санцияларды бұзбайтынын атап өтті.
“Еліміздің территориясы, компаниялары санкцияны бұзу үшін пайдалануға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл - Қазақстанның нақты ұстанымы. Бұл ұстаным аясында ары қарай жұмыс істейміз. Ең бастысы, біз сыртқы саясатымызда ұлттық мүддемізге бағытталған қадамдар жасаймыз», - деді М. Әшімбаев тілшілердің сауалына орай.
Қазақстанның позициясын бұған дейін мемлекет басшысы да, сыртқы істер министрлігі де бірнеше рет жариялаған болатын.