Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев пен еліміздің Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Генконсульство Казахстана в Санкт-Петербурге

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1944 жылдың 14 қаңтарында ерлікпен қаза тапқан. Айтулы шара майдангер ерлігінің 82 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Генконсульство Казахстана в Санкт-Петербурге

Салтанатты шараға Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитеті, қаладағы Красногвардейск ауданы әкімшілігі, қазақстандық әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.

Санкт-Петебургте Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

© Photo : Генконсульство Казахстана в Санкт-Петербурге

Әлия Молдағұлова 78 фашисттің көзін жойған. Бірақ іс жүзінде бұл көрсеткіш одан да көп, деп атап өтті дипломаттар.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен ефрейтор Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ресейде оның құрметіне № 1512 Мәскеу мектебі батыр атымен аталған.