Кітаптарды сыйға тарту - Ресей ұлттық кітапханасы (Санкт-Петербор) мен Қазақстанның ұлттық кітапханасы арасындағы (Алматы) «Қазақстанның Ресей ұлттық кітапханасындағы деректік естелігі» атты ауқымды жобаның бір бөлігі.
Кітапханалар арасындағы келісімге сай, Ресейдің ұлттық кітапханасы кітапханада бар және Қазақстан кітапханаларында табылмайтын сирек кездесетін қазақ кітаптарының электронды көшірмесін жасап, Қазақстанның ұлтық кітапханасына тапсырады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Ресей ұлттық кітапханасының баспасөз қызметі.