Санкт-Петербург қаласында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тапсырысымен жасалынған "Табиғат" талдамалық бақылау зертханасы бар кемені тексеру жұмыстары аяқталды

Кеме Каспий теңізіндегі экологиялық қауіпсіздікті бақылау үшін арналған. Ол қазіргі заманғы бақылау- өлшегіш кешенмен жарақталған. Бұл кеменің зертханасында теңіз суына, атмосфералық ауағы, су түбіндегі тұнба жағдайына шұғыл әрі уақтылы аналитикалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, су, ауа мен топырақ қабатының гидробиологиялық, гидрохимиялық жағдайын анықтай алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті