Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтеді

Парламентшілер ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті жалпы отырысына, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы Бюросының, ТМД-ға қатысушы елдердің парламентаралық ассамблеясы кеңесінің, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің отырыстарына қатысады.

Сондай-ақ, еліміз өкілдері "ТМД елдерінің халықаралық лаңкестікпен және оны қаржыландырумен күрес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады.
Сапар барысында О.Әбдікәрімов бірқатар парламенттік делегация өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.