Санкт-Петербурге жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталар орнатылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ескерткіш тақталар Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаевтың 22-23-маусымдағы Санкт-Петербург сапары кезінде ашылады. "Ол Ұлы Отан соғысы басталған күнге орай Нева плацдармы мен Пискаревский бейітінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау барысында мерт болған жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталарды ашады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Рәсімге Леннинград облысының губернаторы Валерий Сердюков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко қатысады.

Елшіліктің хабарлауынша, Н.Әбіқаев Стаявинское көлінің маңында қаза тапқан ақмолалық жауынгерлерге арналған "Жұлдыз-тырналар" атты ескерткішге гүл шоқтарын қойып, Леннинградты қорғаушы әскерлердің мүрделерін қайта көму рәсіміне қатысады.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нева плацдармы - Нева өзенін бойлай 2 шақырымға, 300-500 метр тереңдікке созылатын жер учаскесі. Ленинград қорғанысы басталған сәтте бұл жерде кескілескен қантөгіс ұрыстар болған. 1943-жылдың қаңтар айында Кеңес әскерлері осы Нева плацдармынан кері шабуылға шығып, Ленинград қоршауын бұзды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті