Санкт-Петербургте Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Консулдықтың ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев Санкт-Петербургке келді. Сапар барысында ол қала губернаторы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Сондай-ақ, Санкт-Петербургте консулдық мекеменің ашылуына және кеше атап өтілген Республика күніне орай Қазақстанның атынан қонақасы берілді.
Санкт-Петербургте ашылған Қазақстанның бас консулдығы осымен еліміздің Ресейдегі үшінші дипломатиялық өкілдігі болмақ. Қазір Қазақстан Республикасының Мәскеудегі елшілігімен бірге Астрахань қаласында консулдық жұмыс істейді. Жуырда Омбы қаласында да Қазақстанның консулдығын ашу туралы шешім қабылданды.