Санкт-Петербургте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің көлік мекемелері басшыларының кездесуі өтуде

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің (Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан) көлік министрлерінің кезекті бас қосуы 14-қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұл күндері сондай-ақ, Ресейдің солтүстік астанасында үшінші халықаралық Еуразиялық көлік мәслихаты өткелі отыр. Бас қосу барысында ТМД елдері мен Еуропалық Одақ елдерінің көлік жүйелерінің өзара интеграциялану процессін тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.