Сан-Паулу полициясы футбол чемпионатына қарсы көтерілушілерді қуу үшін газ қолданды

Бұл туралы бүгін латынамерикалық ақпарат құралдары мәлімдеді.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Қарсылық шарасына шыққандардың басты талабы Бразилия билігіне қарсы көтеріліске қатысқаны үшін ұсталған 23 азаматты қамаудан босату болды.

Ел азаматтары 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатына қарсылық көрсетіп қала көшелеріне бірнеше рет шықты. Олар спорттық шараларға дайындыққа көп шығын шығарғаны үшін билікті сынға алды.