Сән-салтанатқа жаны құмар әкім өз еркімен жұмыстан кетті


Шенеунік үйінде 3 бірдей күзетші мен аспаз ұстап,  айлығын мемлекет есебінен өтеген. Сөйтіп қазынаға жарты млн-нан астам шығын келтіріпті.  Басшының былығы Тәртіптік кеңесте де қаралды. Алайда әкімді «мемлекеттік қызметтен шеттету керек»- деген ұсынысқа, кеңес мүшелерінің басым көпшілігі қарсы дауыс беріп Смаилов мырза қатаң сөгіспен құтылған болатын. Тек сол әкімнің пәрменін орындаған аудандық аппарат жетекшісі қызметінен қуылған-ды. Бірақ ақпарат құралдарында үлкен шу туғызған соң, Марат Смаилов өз еркімен жылы орнын босатып беріпті. Сән-салтанатқа жаны құмар әкімнің сөзін сөйлеген Тәртіптік кеңестің бірнеше мүшесі де орындарын босатқан.