Сән-салтанаты президенттен кем түспеген әкім үйіндегі аспазы мен күзетшілерінің айлығын бюджет есебінен төлеген


Мақсат Байдалиев, Жамбыл облыстық Қаржы полициясы басқармасының бөлім бастығы:

-Штаттан тыс аппарат құрамына алынған. Ал, ҚР бюджет кодексына сәйкес қызметтік үйлер санатына, тек резиденция, үкімет үйі, Елбасы үйі болса ғана бюджеттен қаражат бөлініп, ұстауға рұқсат беріледі.

Дегенмен «айран ішкен құтылып шелек жалаған тұтылған». 4 адамды жұмысқа алу жөнінде пәрмен берген аудан басшысы Марат Смайылов қатаң сөгіс алса, бұйрық шығарған аудандық аппарат жетекшісі Қанат Өзбеков қызметінен қуылыпты. Шенділердің ісі тәртіптік кеңесте де қаралған. Қаржы полицейлері сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, ар-намыс кодексын бұзған  әкімнің өзі де орнынан кетуі мүмкін деп ойлаған еді. Алайда, ол жылы орнын сақтап қалды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, аудан басшысының әйелі тәртіптік кеңесте бас маман болып істейді екен. Сондықтан Марат Райымбекұлының жеңіл жаза алуына құдай қосқан қосағы көмектескен деген болжам бар.