Сапарбаев астаналық оқушылар үшін тестілеуді 15 минутқа ұзартуды сұрады

Бердібек Сапарбев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Балалардың 15 минут уақытын алдым. Жетекшілерден сол уақытты негізгі уақытқа қосуды сұрадым.Ертең айтып жүрмесін Сапарбаев уақытымызды алып тапсыра алмай қалдық деп.

Әрине, Сапарбаевтың өтініші жерде қалған жоқ. Вице-премьер түлектерге өз білімдеріне ғана сенуге кеңес берді. Алайда, мұны шәкірттер құлаққа ілер емес. Өйткені, мыңдаған ұялы телефон, шпаргалка, фотоаппарат, рация сынды тыйым салынған заттар әлі тәркіленіп жатыр. Қажетті 50 балды жинай алмай сүрініп жатқандардың саны 4 мыңғу жуықтады. Ал елімізде Тараздан соң екінші боп 125 баллды бүгін Астанадағы  №59-мектептің оқушысы  жинады. Риана Мұстафина ең жоғары көрсеткішке жетудің құпиясымен бөлісуді де ұмытқан жоқ.


Риана Мұстафина, мектеп бітіруші:

-Өзімнің анам математика пәнінің мұғалімі. Маған сабақ берді. Сол себепті мені жазда 11-сыныптың бағдарламасын алдын ала үйретіп қойды. Мен бір 118, 115 болатын шығар деп ойлап жүрдім. Өйткені сұрақтарға жауап берсем де сенімсіздік болды.  

Loading...