Сапарбаев иті өлген блогерге барса, мына жақта оқушы қыз бен анасын иттер талап тастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы фейзбуктегі Маржан Рақайдың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бердібек Сапарбаев мырза, Сіздер анда бір итке "көңіл айтып" жүргенде мына жақта көшедегі ит оқушы қыз бен анасын қауып ала жаздады.
Кішкентай ғана қаламыздың адамдары ит, иттері қожайын болмай тұрғанда мәселені бір жақты етсеңіздерші.
Бұл жай ғана бір мысал. Қалада қаңғыбас ит қаптап кетті. Атуға заң рұқсат етпесе, басқалай шешімі болуы тиіс қой. Қашан қайғылы оқиға орын алғанша күтіп отыруымыз керек?
Бүгін әкімдіктің алдына өлген итті көтеріп барса, ертеңгі күні ит талаған баланы апарып жүру қажет пе әлде?
"Айша бибі" атындағы қыздар лицейінің қарама-қарсы беті.
09.02.2022.Сағат 16:40-та түсірлген видео", деп ккөрсетілген. 

"Расында да қалада қаңғыбас иттер көп. Мысалы, "Атакент" жақта өте көп. Таңертең оқушылар сол жерден мектепке барады, абайламаса өте қиын. Топталып жүрген иттерді кез келген уақытта көруге болады.


Ертерек бір амалын табу керек", "Орыстың иті өлді деп әкімнен бастап шапқылап жүр. Баладан ит артық көрінгені ма көздеріне. Жалтақ әкімдер", деп пікір жазды оқырмандар.