Сапарбаев пен Дерновой мемлекет басшысына министрліктердің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев мемлекет басшысын еліміздегі әлеуметтік ахуал жөнінде және президенттің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа жолдауында айқындалған тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ "Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының аясында серпінді жобаларды іске асырып отырған кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі әңгіме болды.

Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа министрліктің ағымдағы жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде баяндады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті