"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақ құнының тым қымбат. Көлікті жабық паркингке қойса, тәулігіне 2000 теңге, орынды сома. Алайда әуежай алаңындағы ашық аспан астында көлік қалдырса бірінші екі сағат 400 теңгеден де, келесі әрбір сағаты үшін 1500 теңге төлеу қажет. Бұдан шығатыны тәулігіне 33 400 теңге төлейсіз. Я бағдарлама дұрыс ойластырылмаған, я бұл халыққа арналмаған. Себебі келесі тәуліктерде алдыңғыдай емес, әрбір келесі сағаты үшін 2500 теңге тарифі бойынша", - деп жазды Сәпиев.
Ол бұл шараның заңсыз тасымалдаушы такси жүргізушілеріне қарсы ойластырылған болуы мүмкін екенін болжады.
"Алайда, біріншіден, олар көліктерді бірнеше тәулікке қалдырмайды, әуежай мен қала арасында қатынап жүреді. Екіншіден, кез келген адам олардың азаймағанын растап береді. Әкімдіктен және әуежай басшылығынан бағаны реттеуді сұраймын. Әсет Орынтайұлы, Сіз бұл мәселеден хабардарсыз ба?", - деп сұрады депутат елорда әкімінен.