Ашылу рәсімін ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ вице-президенті Юрий Цхай және федерацияның басқа да өкілдері өткізді. Шараға құрметті қонақ ретінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев шақыртылды. Шу тұрғындары Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусіновты қарсы алды.
«Тарлан» кешені ҚБФ қаражатына салынды. Бұл ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев бастамашылық еткен өңірлердің спорттық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары аясында салынған төртінші кешен. Мұндай кешендер Семейде, Қызылордада, Түркістанда сәтті жұмыс істеуде.