Caravan Logo

"Сақ болыңдар!": Өнер адамдары қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттарын салып дабыл сөмкесін жинап жатыр

"Сақ болыңдар!": Өнер адамдары қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттарын салып дабыл сөмкесін жинап жатыр

Мәселен, мұндай бастаманы әнші Бүркіт пен оның жары Аиша көтерген, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Дабыл сөмкесіне жұлдызды жұп қолшам, спирт, балауыз шам, телефон қуаттағышы, бір бума ақша, термос, оттық, рация, дәрі-дәрмек, құжаттарын салған. 

"Соңғы орын алған жер сілкісінен кейін дабыл сөмкесін жинауды жөн көрдік. Құдай сақтасын не болса да. Дегенімен де, сақ болыңыздар", - дейді олар. Және эстафетаны әріптестері Луина, Нұрлан Албан, Анара Батырханға жолдаған. 

Эстафетаны қабыл алған Нұрлан Албан да халыққа өз үндеуін жасап, видеосын желіге жүктеді.