Сақ патшайымын сомдаған актриса "Қазақша жаза алмаймын" деп сынға қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Альмира Тұрсынның инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Кейбір адамдар ұрсып сұраған. "Неге қазақтың қызы қазақша сөйлемейді? Қазақша жазбайды?" деп. Негізінде мен қазақша сөйлей аламын. Бірақ, жаза алмаймын. Себебі, мектепте оқығанда, университетте оқығанда орысша оқыдым", - дейді ол.

Және желіге жариялайтын жазбаларын қазақ тіліне аударып отыратын редактор іздейтінін айтқан.