"Сақал мен паранджа үшін айыппұл төлетеді": Елді дүрбелеңге салған хиджаб мәселесіне тағы бір ел нүкте қояды

Мұндай бастаманы қырғыздың депутаттары көтеріп отыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

Қырғызстандық халық қалаулылары бетті жабатын киім мен ұзын сақал қойғандарға айыппұл төлетуді талап етуде. Заңға енген тиісті өзгертулер енді қоғам талқысына түскен. 

Белгілі болғандай, заң жобасы "қауіпсіздікті сақтау және азаматтардық құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға" бағытталған көрінеді. 

Әзірге заң жобасы тек жергілікті халыққа ғана қатысты болмақ. Шетел азаматтары мен диломаттар үшін мұндай шектеулердің қатысы болмайды, дейді жергілікті қырғыз БАҚ беттері.