Сақталу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 200 мың қалбыр көкөніс тәркіленді


Цехтің өзін үлгілі деп айтуға аузың бармайды. Бүкіл жерде шашылып жатқан жеміс-жидек, сасыған ванналарда жуылып, сосын бірден банкілерге салынып отырған. Сантиралық құқықтар мен сәйкестік сертификатын мұндағылар мүлде білмейтін болып шықты. Цех аумағынан прокурорлар 200 мың қалбырдағы өнімнен бөлек, тағы қияр жабылған 100 мыңнан астам иран өнімдерін тапты. Шетелдік тауардың мерзімінің өтіп кеткеніне 3 жыл болған екен. Қазір, пысықайлардың бұлардың қаншасын сатып үлгергені тексеріліп жатыр. Қалай болғанда да, мекеме басшылары қатаң жазаға тартылатын болады.