Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың айтуынша, байқаудың мақсаты - тың идеялар мен дарынды мамандарды іздеуге саяды. "Сақтандыру қазір ел экономикасының ең бір қарқынды дамып келе жатқан саласы. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп отырған қазіргі таңда кәсіби мамандарды іздеу - өзекті проблемалардың бірі",- деді Р.Алшанов.
Байқау "Сақтандыру бизнесіндегі хай-тек", "Сақтандыру ойыны өнері" және "Сақтандыру әлеміне саяхат" атты үш номинация бойынша өткізіледі. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік материалдың авторына бас жүлде ретінде Лондон қаласындағы сақтандыру саласы бойынша жетекші әлемдік брокерлік компанияда білімін шыңдап қайтуға жолдама беріледі. Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл - сақтандыру мәдениетін таратып насихаттау мен тың идеялар ұсынуға ынталандырмақ.
"Біз бұл байқауды Қазақстанның сақтандыру нарығына, соның ішінде біздің компанияға жаңа адамдарды тарту тәсілі ретінде пайдаланбақпыз. Бізге өз өмірінің бір бөлігін сақтандыру мәселесіне бағыштағысы келетін, бізге идеологиялық тұрғыда жақын адамдар керек. Біз өз кезегімізде қызметкерлерімізге ауқымды әлеуметтік қоржын пен өсу және білімін шыңдау мүмкіндіктерін береміз",- деді "Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Назым Тульчинский.
"Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ-ның бастамасы бойынша ұйымдастырылған бұл байқауға Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы мен Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры қолдау жасады. Байқау 2005-жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті