Сарапшы өткен жыл соңындағы теңге бағамының 330 теңге көлемінде тұрақтануын ОПЕК-тің өндіріс көлемін қысқарту туралы шарт негізіндегі мұнай бағасының көтерілуімен байланыстырады, деп хабарлайды Baq.kz.
«2017 жылдың екінші тоқсанында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізілсе де, мұнайдың жоғары бағасы АҚШ-та сланец секторында өндірудің жаңа өсуін тудыруы мүмкін. АҚШ-тың энергетика туралы ақпарат тарату агенттігінің (ЕІА) болжамына сәйкес, 2018 жылы АҚШ-та сланец өндірушілері мұнай өндіруді күніне 9,2 миллион баррельден 10 миллионға дейін арттырады, бұл өз кезегінде мұнайдың молдығына әкеп соғады», - деп түсіндірді Мұқышбаева.
Сонымен қатар, сарапшы әлемдік мұнай нарығындағы ойын ережелері мұнайға юаньмен төленетін фьючерстер сауда-саттығына байланысты өзгеруі мүмкін деп санайды.
Қазіргі уақытта АҚШ валютасында тағайындалатын жаһандық энергетикалық нарықта - Brent және WTI қатарлы жаһандық шикі мұнай эталон келісімшарттары сатылады.
Мұқышбаева атап өткендей, ағымдағы жылы теңгеге елеулі ықпал етуі мүмкін факторларының қатарында Федералдық резервтік жүйе бағамының біртіндеп өсуі де бар. Себебі, ФРЖ ставкалары инвесторларды долларлық активтерге шығаруды ынталандырғандықтан, доллар басқа валюталарға қарағанда күшеюі мүмкін.
«Өткен жылы ФРЖ үстемесі 0,75 пайыздан 1,5 пайызға дейін өсті, ал 2018 жылы экономистер бұл ставканы 2,25 пайызға дейін көтеріледі деп күтуде», - деді ӘЭСИ сарапшысы.
Нәтижесінде, Мұқышбаева, мұнай нарығындағы ағымдағы қозғалыс сыртқы күйзелістерге үлкен әсер ету жағдайында теңгені елеулі түрде нығайта алмайды деп қорытындылайды.
«Экспорт құрылымында түбегейлі сапалы өзгерістер болған жоқ. Бірінші жартыжылдықта теңгенің бағамы бір долларға 330-350 теңге аралығында ауытқуы мүмкін. Соңғы уақытта мұнай бағасының жоғары болуы экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын жүзеге асыруда босаңсуға себеп болмауы керек. Мұнай бағасының өсуінен түсетін қосымша кірістердің басым бөлігін мұнай-химия және мұнай өңдеуге салу пайдалырақ», - дейді Айжан Мұқышбаева.