Сарапшылар: Биыл Қазақстанда доллар 300 теңгеге дейін құлдырайды


“Болжамдарға сәйкес, 2017 жылы экономикамыз 2,5%-ға, 2021 жылы 4%-ға өспек. Бұл мұнай қорымен, реформалармен және банктегі несиелермен тікелей байланысты”, – деп мәлімдеді Халықаралық валюта қорының өкілдері.

Әзірге ақша айырбастау орындарында бір доллардың құны – 323 теңге. “Жылдық рет бойынша 60 болмақ. Кейде бір баррельге 65-70 доллар берілуі мүмкін. Brent маркалы мұнайдың бағасы өткен жылға қарағанда, 20-25%-ға өскен. Мұндайда теңгенің құнының өсетіні анық. Біздің ойымызша, биыл бір доллар 300 теңгені құрауы да мүмкін. Бұл тіпті жылдың алғашқы жартысында жүзеге асады деген болжам бар”, – дейді Forex Club аналитика бөлімінің жетекшісі Николай Ивченко.