Сарапшылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру жайын талқылайды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы ұсыныс ТМД мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесі мен Достастыққа мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының Санкт-Петербургте 2006 жылдың 16-шы қарашасында өткен лаңкестікпен және экстремизммен күрес мәселелері жөніндегі біріккен отырысында енгізілген.

ТМД Атқару комитетіндегілердің түсіндіруінше, Кеңесті құру жалпы көзқарас, көші-қон процессін реттеу жөніндегі іс-қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін құру мақсатында ТМД мүше мемлекеттердің көші-қон органдарының мүмкіндіктерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ТМД аясында Достастыққа мүше мемлекеттер тұрғындарын әлеуметтік қорғау, еңбек және көші-қон жөніндегі консультативтік кеңес пен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен комиссиясы сияқты көші-қон мәселелерін қарастыратын құрылымдар бар. "Бірақ, олардың өкілеттілігіне тек көші-қон процессінің жекелеген қырлары ғана кіреді. Сонымен қатар, көші-қон күрделі құбылыс болып табылады, оны реттеу кешенді көзқарасты талап етеді. Бұл ТМД аясында осыған сәйкес өкілеттілігі бар бірыңғай үйлестіруші орган құрудың қажеттілігіне негіздейді. Бұл осы құрылатын кеңес болып табылады",- деп атап көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті