Бейнебаянда бөлімнен шыққан жауынгерлер бір сәтке актер болып шыға келді. Сөйтіп Наурызды тойлағалы жатқан жұртпен бірге киіз үй тігіп, мәз-мейрам болады. Тіпті, офицерлер қыз қуу, теңге алу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардың көрігін қыздырып жүр. Әжелеріміз енді тәй-тәй басқан сәбидің тұсауын кесіп, ұлы күннің басты тағамын әзірлейді. Наурыз мерекесі қарсаңында осындай тамаша роликті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилері түсіріпті. Ал Ұлыстың ұлы күні еліміздің барлық әскери бөлімінде киізүй тұрғызылып кең көлемде аталып өтілмек.
Loading...