Сарбаздардың неден уланғаны белгілі болды


Сол жолы түскі астан кейін іштері өтіп, қызулары көтерілген жауынгерлер жаппай төсекке таңылған болатын. Жағдайлары ауыр бесеуі бір апта бойы ауруханада емделді. Асхана қызметкерлерін тексерген санитар дәрігерлер   ыдыс жуатын әйел мен оның әріптесінен сальмонелез қоздырғышын тапқан.  Сарбаздардың денсаулықтарының сыр беруіне осы инфекция себеп болса керек.