Сардар, Амели, Раяна. Алматыда балаларға жиі қойылатын есімдер аталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Әділет департаментінің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, биыл туған балаларға Сардар есімі жиі қойылған екен. Осы есіммен 120 бала тіркелген.

Жиі қойылатын есімдердің тізімінде екінші орнында Абай тұр. 110 сәбиге осы есім берілген. Кейінгі орындарда Хан (102), Әмірлан (97), Мүслім (70), Бейбарыс (50), Нұртілеу (40), Хақназар (32) есімдері тұр.


Ұл балалар арасында сирек кездесетін есімдер де бар. Олар - Нұрперзент, Салах, Ержәнібек.

Ал қыз балаларға жиі қойылған есімдер тізімінде Аяла (210), Хадиша (110), Асылым (101), Айкөркем (91), Амели (82), Медина (80), Раяна (50), Томирис (52). Ал сирек кездесетін есімдер - ЕлнараИмранМарфуғаТөреЗайран, ОсманАйбарыс.