Ендеше осы оқиғаның оразаға қандай әсері бар екенін айтып көрейік, дейді BAQ.kz.
Рамазан айында ұйқыдан тұра алмай сәресі уақытын өткізіп алған адам сол күнгі оразасына ниет етіп, еш нәр татпастан ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) «ашура күні»[1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмәмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!»[2].
Лажы болса, сәресіні жібермеңіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «сәресіде береке бар» деген[1]. Сәресіде тәбетіңіз тартпай тұрса, тым болмағанда су ішкен жақсы. Осылайша, өзіңіздің денеңізді күні бойы керек еттіретін сұйықтықпен қамтамасыз еткен боласыз. Оның үстіне, сәресі – адамға рухани демеу.
[1] Мұхаррам айының оныншы күні.
[2] Сахих Бухари, Китабус Сиям, 1824-хадис
Естеріңізде болса, бұған дейін оараза кезінде жиі қойылатын өзге де сұрақтар жайлы жазғанбыз.