Сәрінжіпов жеміс-жидек боп киінген мұғалімдерге араша түсті

Бұл жолы да мың бұрала билеген бишілермен бірге жүздеген педагог сабақ берудің орнына орталық көшелермен жүріп өтті. Шымкент әкімдігінің тапсырмасымен тігілген костюмдер барлығына шақ дей алмайсың. Алайда, жарты сағатқа жуық алма мен сәбіздің кейпінде жүру барлық ұстазға оңай тиген жоқ. Көпшілігі бейнекамералардан жүзін жасырып әуре болды. Тек, түрлі дәнді-дақылдардың бейнесіндегі ұстаздар кейпі шаһар әкіміне де, білім саласының басшыларына да жат көрінбейді. Керісінше, мұғалімдер осылайша көңіл көтереді деп отыр шенділер.


Аслан Сәрінжіпов,  ҚР Білім және ғылым министрі:

-Әр аймақ мерекесін әрқилы тойлайды емес пе? Мұғалімдер көкөніс кейпіндегі костюмдер киіп тойлағысы келген шығар. Мұны мазақ деп түсінудің қажеті жоқ. Қайта қуанып, көңіл көтеру керек.