Сәрсенбаевтың қазасына қатысты кезекті сот мәжілісі 18-шілдеде өтеді

“Сот сейсенбіге қалдырылды”,- деді Алматы облыстық сотының судьясы Лукмат Мерекенов. Оның айтуынша, сот мәжілісі айыпкер Виталий Мирошниковтың адвокаты Виктор Семиннің сырқаттанып қалуына байланысты кейінге шегерілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В.Семин басқа бір адвокат арқылы сотқа шұғыл жеделхат жолдап, сот мәжілісін өзінің сырқаттанып қалуына байланысты 18-шілдеге дейін шегере тұруды сұраған. Кеше сот мәжілісі тағы осындай себеппен екі мәрте кейінге шегерілді.