Сәрсенбіде елімізде жел күшейіп, кей жерлерде көктайғақ болады

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.


Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.