Осындай жоғары атақ алағаны туралы куәлікті республикалық "Ел бірлігі" Одағының президенті Шолпан Бостандыққызы (басты суретте) салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Осы шара барысында Сары әулие қажыны көруге зәру болып жүрген халық та бір жасап қалып, мауқын басқандай болды. Ресми марапат аяқтала салғаны сол-ақ еді, жан-жақтан адамдар дереу оны қаумалап қоршап, қол алысып жатты. Марапатқа келгендердің басым бөлігі дағуатшының қолын алып, сәлем беруге асықты. Сондай-ақ, олар Марат қажыдан бата сұрап, дерттерінен жазылғандар алғыстарын жаудырды.
Алланың кереметімен Сары әулие емі арқылы дұға шипасына боленіп, онкологиялық ауруларынан айыққан балхаштық Назира мен семейлік Айгүл, сондай-ақ, дәрігерлер бедеулік диагнозын қойғаннан кейін Сары әулиенің емін қабылдап ана болу бақытына ие болған бір топ жас аналар да Марат қажының жанына барып алғыстарын айтып жатты.
Осы жолы Сары әулие қажы өзінің бойжеткен сүйікті әрі адал екі қызын халыққа мақтанышпен көрсетті. Олардың есімдері Әзиза мен Әсият екен. Сырт көзге сүйкімді әрі сұлу қыздар бұл күні әкесіне қолдау көрсетіп, зор қуанышымен бөлісу үшін келгендіктерін жасыра алмады.
"Менің адал тәрбиемді алған осындай қыздарымның бар екеніне ризамын. Әсиятым мен Әзизамды мақтан тұтамын. Бұлар менің қыздарымның арасындағы ең сұлулары. Олардың іздерін басып сіңілілері - Шифа, Томирис, Зульфина мен Султана да өсіп келеді. Аллаға шүкіршілік!" деді Сары әулие.