Бұл туралы Caravan.kz тілшісіне Сары әулиенің өзі хабарлады.
"Журналистер дұрыс жазбаған. Аты Султана. Ал ол есімді қойған кіндік шешесі Гүлбайрам Арыстанова - оралдық медбике. Қазір зейнеткерлікке шығып, маған үй қызметшісі болып отыр. Султана деп қойған себебі, ханшайымдай болсын дегені ғой. Біздің дінде Мүсілім деген есім ұл балаға қойылады да, оған "а" әрпі қосылса, бұл қыздарға лайық есім болады. Яғни Мүслима. Немесе Азиз деген Азизаға айналады" дейді Марат Есенбаев.
Оның қыз туған ең кіші тоқалы алдағы жексенбі күні перзентханадан шығады. Ол Алматының орталық ауруханасында босаныпты. "Әйеліме ең мықты дәрігерлер қарап жатыр" дейді Султананың әкесі.
Сары әулиенің өзі қазір Талдықорғанда жүр екен. "Қайын жұртымның жанындамын. Әйелімді шығарып алуға дайындалып жатырмыз. Сәбидің керек-жарағын аламыз, мал соямыз" дейді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрынырақ Сары әулиенің ең кіші тоқалы - Гүлиярдың қыз босанғанын хабарлаған болатынбыз. Ол Марат Есенбаевқа күйеуге алдыңғы жылы 18 жасында шыққан.