Сарыағаш ауданы ауылдық округінің әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

50 мың теңгеге ол аудан тұрғындарының біріне жер телімін беруге уәде еткен. Ауыл әкіміне қатысты ҚР ҚК 311-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, пара алуға себепкер болған делдал әйелге қатысты ҚР ҚК 313-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айыпталушы Сарыағаш ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ал пара беруші әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Қылмыстық істер тергеліп жатыр.