Бұл туралы «ҚазАқпарат» облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«28 наурызда сағат 19.58-де бірінші сынып оқушысының денесі Таскен каналынан табылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.
Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда жеті жастағы Инабат Мұқтарқожаның жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Қыздың анасы Ақбота Кәукенова полиция мен БАҚ өкілдерінен көмек сұраған болатын. Сонымен қатар, жоғалған қыздың Таскен каналына ағып кету мүмкіндігіне байланысты оны іздеуге сүңгуірлер де жұмылғаны хабарланған еді.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында жалғызбасты ананы зорлап, өлтіріп кеткен
Қостанай облысында апалы-сіңлілі қыздар суға кетті