Сарыағашта журналиске қатысты сот отырысы басталды

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Батырбековтың үстінен Сарыағаш аудандық прокуроры Нұрлан Сапаров шағым түсірген. Журналист өзі басқаратын "Әділет" қоғамдық қорының сайтында және жергілікті басылымдарда 2015 жылы сәуірде "Жазықсыздардың жанайқайы прокуратураға жете ме?" деген материал шығарған. Бұл материалдарды Нұрлан Сапаровтың есімі көрсетілген. Осыған байланысты прокурор журналистің үстінен шағым жазған.

Сот отырысына 20 жуық "Әділет" ұйымының мүшесі келгенімен сот залында орын жетпегендіктен барлығы кіре алмады. Сот журналистерге аудиожазба жазуға рұқсат етпеген. Соттағы прокурор істі енді алғанын, онымен танысып шығу үшін уақыт керектігін айтты. Осыдан кейін судья келесі отырыс 28 қыркүйекте өтетінін хабарлады.