Бұл туралы журналист Ақбөпе Тәңірберген Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Министр Askhat Aimagambetov ұстаздарды қорғап әлек… Бірақ бұған дейін ұстаздарға “счетчик” қойып “міндетті тарифты” жинап жүрген суреттегі Айжан апай қарамағындағы ұстаздарына маза берер емес… Бұл 1-қыркүйек күні жағдайын мен осы жерде жазған Нұрлыжолдағы №50 Омаров орта мектебі. Апаттық жағдайдағы, тар мектеп онсыз да үш ауысымда оқытады. Неге ұстаздарына аяушылық жоқ?
Ақша жинайтыны жария болып қалған Сақова Айжан апайға бұл заң бұзушылығы үшін жәй ғана ескерту беріліпті. Ол осы мектептің директоры міндетін атқарады. Сонда да қояр емес. Оған емін-еркін заңды белшесінен басып, ұстаздарды жұмысқа салу қүқығын кім берген? Әлде аудандық білім бөлімінің тапсырмасы ма? Түркістан Облысының Білім Басқармасы басшысы
Рахымбек Жолаев мырза бұл мектепке дереу тексеріс жасап, мына масқараға тоқтау қойсаңыз екен.
PS: Мектеп қабырғасының расымен аянышты екенін көзбен көріп, тексеруге министр бірден облыстық басқармадан арнайы маман жіберді, бәрін жазып алып кетті деп тұрғындар риза болып хабарласқан еді. Ал, сол қисық қабырғаның ішінде болып жатқан олқылықтарды да министр араласпаса өздеріңіз шеше алмайсыздар ма", - деп жазды журналист Ақбөпе Тәңірберген.