"Бүгін үкімет қаулысымен Вадим Зверьков "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды", - деп хабарлады "Хабар" телеарнасы сейсенбі күні.
Естеріңізге сала кетсек, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы төрағасы Альберт Рау 2008 жылдың қаңтарында Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
В. Зверьков бұрын Қазақстанның Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.