«Сарыарқа» хоккей клубының басшылығы бас жаттықтырушының жұмыстан кетуімен келісті

Бас жаттықтырушы О.Болякин өз еркімен жұмыстан шығарылды, Дмитрий Крамаренко бас жаттықтырушының қызметін атқарушы болып тағайындалды, деп ақпараттандырады клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық команданың бас жаттықтырушысы О.Болякин «Сарыарқа» хоккей командасы екінші орынға ие болған Қазақстанның Кубогы үшін өткен жарыстар аяқталған соң жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Былтырғы жылы команда О.Болякиннің басшылық етуімен тарихында алғаш рет чемпион атағын алған болатын.