«Сарыарқа» хоккей клубының ойыншыларына жүзік тағылды

Сәтті өткен маусымнан естелік болсын деп команда ойыншыларына «Сарыарқа» клубының директоры Арғын Нығматуллин фирмалық таңбасы бар клуб атауы жазылған жүзіктерді сыйға тартты. Салмағы 12 грамм болатын жүзіктер Қазақстан күмісінен жасалыпты.

Арғын Нығматуллиннің айтуынша, жүзіктерді естелік ретінде соқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыда «Сарыарқа» клубының ЖХЛ 2013-2014 маусымының чемпионы атануына байланысты салтанатты шара өткен болатын. Шара аясында Қарағанды орталығына команда ие болған Братина кубогы жеткізіліп, 50-ден аса жанкүйерлер автокөлігінің қатысуымен автошеру өткен еді.