«Сарыарқа» клубы Жоғары хоккей лигасында ойнауы мүмкін

Осыған орай команда басшылығы ұйымға өтініш жіберіп, тиісті құжаттарды тапсырды.

Енді, Жоғары хоккей лигасынның өкілдері Қарағанды қаласына барып, «Сарыарқа» клубының дайындық барысымен, сондай-ақ ол үшін жасалып жатқан жағдайлармен жан-жақты танысып шықпақ. Осыдан кейін ағымдағы жылы мамыр айында Жоғары хоккей лигасынның жалпы жиналысында үміткер команданың өтініші қаралып, нақты шешім қабылданады.

Айта кетейік, бүгінде «Сарыарқа» хоккей клубы «Қарағанды - Арена» мұз айдынында жаттығады. Клубтың бас директоры - Арғын Зайроллаұлы Нығматуллин.

Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) - Ресейдегі кәсіби хоккейдегі екінші дивизион. Біріншісі - Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ). Бүгінде осы екі дивизион арасында хоккейшілермен алмасу тәжірибесі бар.