«Сарыарқа» лига фаворитімен кездеседі

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қарағанды қаласында өткен матчта «Сарыарқаның» хоккейшілері «Рубинді» тек буллит сериясында ғана жеңе алды. Сол кезде ресейлік клуб есепті бірінші болып ашқан. Содан үшінші кезеңге дейін есеп өзгермеді. «Сарыарқа» бір ойыншыға кем ойнағанына қарамастан, қақпашынының орнына қосымша хоккейшіні шығарып, матчтың соңғы секундттарында таразы басын теңестіре білді. Сосын буллит сериясында жеңіске жетті. Осы орайда айта кетер жәйт, «Рубиннің» қақпашысы Денис Франскевич өткен айдың үздік ойыншысы болып саналады. Себебі оның шайбаларды тойтару көрсетікіші 96,9 пайызды құраған. Ал екі ойынды ол шотаут, яғни бірде-бір шайбаны жібермей аяқтады. Соған қарағанда, бүгінгі ойын да «Сарыарқа» үшін оңайға түспейтін сияқты.


Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» (47 ұпай) 8-ші орында келеді. Ал «Рубин» - 5-ші орында. Оның еншісінде барлығы 50 ұпай бар. Қарағанды қаласының хоккей клубы бүгінгі ойында жеңіске жетсе, бірден бесінші орынға шыға алады.