Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев қатардағы сарбаз Дастан Құрманбектің өліміне қатысты қызметтік тергеу жайлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
14 қаңтарда Сарыөзек горнизонындағы (Жетісу облысы) 12/740 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген Дастан Құрманбек жүрегіне оқ атып, көз жұмған еді.
Мереке Көшекбаев бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты.
«Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеріс бойынша алдын ала болжам жасадық. Сарбаздың өліміне әскери бөлімшенің кемшілігі себеп болуы мүмкін. Олар уақытылы Дастанның ішкі сезімі мен уайымын байқамаған. Әскерге бейімделіп жүрген сарбазға моральдық, психологиялық қолдау көрсете алмады. Әскери бөлімшелерде сарбаздардың жағдайына бірден әрекет ету жүргізіледі. Осы себеппен 8 қаңтар күні бөлім командирі Құрманбек Дастанмен жеке сөйлескен. Оның ата-анасымен сөйлескен. Кейін оның ата-анасы 12 қаңтарда келіп, ұлдарымен кездесті», - дейді ол.
Көшекбаев атағандай, сарбаз күні бойы сыртта ата-анасымен болған.