Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айта кетейік, Ринат Зайытов кеше "Бекболат Тілеухан Қаңатар оқиғасының болатынын білді, бір ауыз сөз айта салса қайтер еді" деп айыптаған болатын. Бұл сөздер экс-депутаттың намысына қатты тиген екен. Оны Бекболат Тілеухан өте ауыр айыптау деп қабылдады.
"Қазақ өкпеге қиса да, өлімге қимайды" деуші еді, ағайын. Ринат бауырым өлімге қиды. "Қанды қаңтар" оқиғасын білді, біліп тұрып, бізге айтпады" деген сұмдық, ауыр жала жапты. Кәдімгі мойыныма қанды артып жатыр. Ал енді оған кәдімгідей аузына сөз салып, ыңғайлап "Бекболат Ринатты неге жек көреді?" деп Самал Ибраева сөйлеп жатыр. Мен неге жек көремін? Ринаттың менімен табалас адам емес, өнері деңгейлес емес, жасы деңгейлес емес, саясаттағы лауазымы деңгейлес адам емес. Менің ауызымнан "жеке көремін" деген сөз шыққан емес. Мен оны жек көрмеймін",- деді экс-депутат.
Артынша Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовтың өзіне жіберген ескі аудиожазбасын ұсынды.
"Енді ағалап тұрсың. Ал істеген шаруаң мынау? Бұл екіжүзділік пе, тексіздік пе? Әлде терпиласың ба, чертсың ба? Мұны қалай түсінуге болады? Осыншама популист, танымалдылықтың құлы болуға бола ма екен?",- деді Бекболат Тілеухан ашуланып.
Ал екінші видеода экс-депута былай деген.
"Қосановтың сатып кететінін сен білдің бе? Меніңше, білген жоқсың деп ойлаймын. Енді маған келіп күнә тағасың. Әлде өзіңде күмән болды ма. Әлде елдің бәрі білетін сияқты көріне ме. Мен саған баяғыда бір бағдарламада айтқанмын "Ринатжан, ақылы бар ит сүйекті жұтпас бұрын, кейін қиын болмас үшін шығатын жерін өлшеп алады" деп. Сен жауап бердің бе, білмеймін. Содан кейін арада 3-4 жыл өткенде сен заң жаттап, саясаткер боламын деген жылы екі сағатқа РОВД-ға кіріп шықтың. Шыққан кезде іннен суырған саршұнақ сияқты сүмірейіп, жынын алған бақсыдай болып, сондай сынық жүзбен сабаңа түскенсің. Бүгін, че то, құйысқаңынды көтеріп алыпсың. Ринатжан, байқа. Мен сияқты қазақтың қамына өмірін арнаған адамдардың етегіне жабысып, атақ жинамайсың",- деді Бекболат Тілеухан.