«Сәт» триосы Керекуде

Топ құрамындағы Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интерна­тында білім алады. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға музыка пәнінің мұғалімі Тамара Шілдерханова үлес қосқан.

Ұжымның құрылғанына аз уақыт өтсе де, дарынды ұлдар бірқатар халықаралық, республикалық байқауларда топ жарды. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Кастальский ключ» атты жетім балалардың халықаралық фестиваліне қатысқан олар бас жүлдені қанжығаға байлады. Сонымен қа­тар режиссер Руслан Байтөлешовтің «Тағ­дыр» атты фильміне түсіп, әртістік қырлары­нан көрінген.

Қазіргі таңда өнерпаздар еліміздің түкпір-түкпірін гастрольдік сапармен аралауда. Өнер сапары ертең, яғни 3 маусымда Ертістің Кере­ку өңірінде де жалғасын таппақ. Концерттік кеште өмір бойы ән айтуды армандайтын жеткіншектердің жұртшылық сүйіп тыңдайтын туындылары шырқалады.

Мақала «Алаш айнасы» газетінде басылды.