Сәтбаев қаласында дауыл стадионның шатырын ұшырып әкетті


Желдің екпініне 9 жыл бойы төтеп берген шатыр санаулы секундтардың ішінде қақ айырылып, сусып түсті. Жабындыны көтеріп тұрған темір тіреудің де талқаны шыққан. Абырой болғанда ішінде доп қуып жүргендер қашып үлгерген. Қазір спорт кешеніне иелік ететін «Қазақмыс» компаниясы кезінде стадионның үстіп жапқан словениялық мамандарды күтіп отыр. Кепілдік мерзімі өтіп кетсе де, өз қолдарымен салған шатырдың қаншалықты жөндеуге келетінін солардың өзі айтуы тиіс.