«ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері маусымның басында Сәтбаевта жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерін өлтіріп кету фактісі бойынша қылмысты ашты. 30 жастағы жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталды», - делінген хабарламада.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, ұсталған ер адам полицейді араларында болған араздық салдарынан өлтіргенін мойындады. Айғаққа сәйкес ол полицейдің пәтеріне терезеден кіріп, оны бірнеше жерден пышақтаған.
Қазір күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, сот алды тергеу жүргізілуде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сәтбаев қаласындағы өз пәтерінен жол-патрульдік полициясының 46 жастағы қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл факті ҚР ҚК 99-бабында (Кісі өлтіру) көзделген қылмыс құрамдары белгісімен сот алды тергеуінің бірыңғай тізіліміне тіркелген.