Сәтбаевта жасыл желекті құрт отап жатыр

Қаладағы бүтін бір гүлзарлар қазір жапырақтарынан жұрдай болып тұр. Зиянкестер олардың ішкі жағына жабысып, сөлін сорып алады екен. Ол аздай, бұл құрттардың ағаштан ағашқа ауру таситын әдеті бар болып шықты. Құрт тиген тал-терек төрт жылдан соң құлап тынады. Мұндай кеселді болдырмау үшін ағаштарды жылда арнайы химиялық сұйықтықтармен улап отыру қажет екен.


Мақсұт Қабиев Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы:

-Былтыр 28 мың гектарға жасалды. Биыл 31 мың гектарға жасалу керек-тін. Былтыр 7 милион бөлінген биыл 13 миллион бөлініп тұр. Бірақ әлі өткізбей отыр конкурсты.