Сәтпаев кенішінің кеншілері наразылық акциясын ұйымдастырды

деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Олар өздерінің талаптары орындалғанша сонда болуға шешім қабылдаған",- деп хабарлады Сәтпаев қаласының біріккен кеншілер ұйымының бастамашы тобының мүшесі Қанатбек Мұрзатов.

Оның айтуынша, "қазір жер астында 600-ге жуық кенші бар. Бірінші ауысымды шахтаға кіргізбей отыр. Сөйтіп, қазіргі уақытта көптеген шахталардың жұмыстары тоқтап тұр. Корпорация басшылары кеншілерді қорқытып, күш көрсетпек".

Бұрын хабарлағанымыздай, 30-қаңтарда "Қазақмыс" кенішіне тиесілі Оңтүстік Жезқазған руднигі кеншілері өздерінің жалақыларын көтеріп, еңбек жағдайларын жақсартуға қатысты талаптары орындалмаған жағдайда олар ереуілге шығуға дайын екендіктерін мәлім еткен болатын.

21 қаңтарда кеншілер әкімдік пен корпорация жетекшілеріне, 13 талаптан тұратын өтініштері орындалмайтын болса, ереуілге шығатындары жөнінде арыз тапсырған болатын. Онда бірінші кезекте, кеншілердің еңбек ақысын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке жарамсыз болып қалған анықтама қағаздарына 100 пайыз төлем беру және ауысым жұмысын өзгерту жөнінде мәселелер тұрды.

Қанатбек Мырзатаевтың айтуынша, бұл талаптар "Қазақмыс" корпорациясы жетекшілерінің қарауына үш рет тапсырылғанымен, олар тіс жармаған. Осыған байланысты кеншілер наразылық акциясын бастауды ұйғарған.

Ал "Қазақмыс" корпорациясы 23 қаңтарда өз кезегінде агенттіктің атына "Қазақмыс" корпорациясы жетекшілеріне Жезқазған аймағының кеншілері атынан ешқандай үндеу мен арыз жіберілмегенін алға тартып, оны хат түрінде жоққа шығарды. Сонымен қатар, олардың хатында, "кеншілердің ереуіл жасайтыны жөнінде ешқандай дәлел жоқ" деп айтылған болатын.

Сәтпаев қаласының әкімдігі де "Қазақмыс" корпорациясының №65 шахта кеншілерінен арыз түскенін жоққа шығарған.