Сәтпаевта педофилді соққыға жыққан полицей кепілдікпен бостандыққа шықты

Полиция қызметкерінің баланы зорлады деген күдікпен ұсталған адамды ұрып-соғуы бойынша сотқа дейінгі тергеу 24 шілдеде басталды. Полицей іс-әрекеті үшін ұсталып, Жезқазғандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта полиция сержанты туған-туыстарының өтінішімен уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Сәтпаев қаласы прокуратурасы арнайы прокурордың кепіл қолдану туралы қаулысын қабылдады", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары мен Сәтпаев қаласының бірқатар тұрғыны педофилді ұрған полицейді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жұмысына қайта орналасуын талап етіп түрлі акциялар ұйымдастыруда.